Резидентура бөлімі
Байланыс деректері:
Мекенжай:
Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51/53 2 қабат, 211 кабинет
(резидентура бөлімінің басшысы), 210 кабинет
(резидентура бөлімінің басшысы), 210 кабинет
Телефон:
+7 (708) 239-04-82
Телефон:
+7 (727) 279-22-53
Email:
rezidentura@medkrmu.kz
Іс-әрекеттің мақсаты:
Резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру шеңберінде білім алушылар мен кафедраларды сүйемелдеу.
Негізгі функциялары:
- Резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жоспарлау және үйлестіру.
- Резидентурада білім алушыларды қабылдау, контингенттің қозғалысын ұйымдастыру және сүйемелдеу.
- Резидентура бағдарламаларын іске асыру, білім алушылардың үлгерімі мен аттестаттау нәтижелері бойынша деректерді жинау, талдау және қорыту.
- Талдау және мониторинг нәтижелері негізінде резидентураның білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту және жетілдіруді қамтамасыз ету.
- Кафедралармен, клиникалық базалармен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру.
- Білім алушылардың оқу тәртібі мен университеттің академиялық саясатын сақтауын бақылау.