Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі
Байланыс ақпараты:
Мекенжай:
Алматы қ., Абылай хан көшесі, 51/53
Телефон:
+7 707 585 22 20
Email:
info@krmu.edu.kz
Жалпы ақпарат
Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты бөлімі — университеттің құрылымдық бөлімшесі. Бөлім мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды, тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруды және білім алушылардың жеке әрі кәсіби дамуын қолдауды қамтамасыз етеді.
Миссия
Студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасау, азаматтық жауапкершілігін, кәсіби этикасын, көшбасшылық қасиеттерін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Негізгі міндеттері
- Университеттің тәрбие саясатын жүзеге асыру.
- Студенттердің азаматтық және патриоттық құндылықтарын қалыптастыру.
- Мәдени, білім беру және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру.
- Студенттік ұйымдар мен бастамаларды қолдау.
- Құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Көшбасшылық пен әлеуметтік белсенділікті дамыту.
Қызметтің негізгі бағыттары
- Форумдар, дөңгелек үстелдер және семинарлар ұйымдастыру.
- Профилактикалық және білім беру іс-шараларын өткізу.
- Студенттік ұйымдардың қызметін үйлестіру.
- Волонтерлік қозғалысты дамыту.
- Студенттік өзін-өзі басқаруды қолдау.
- Әлеуметтік және жастар жобаларын іске асыру.