Казахстанско-Российский
Медицинский Университет
Основан в 1992 году
Версия для
слабовидящих
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG
Михаил
Варшавский
Войти
Выйти
Перейти в личный кабинет
Авторизация:
Войти
Войти по Face ID
О нас
❯
Об университете
❯
Миссия Университета
❯
Блог ректора
❯
Комиссия по обеспечению качества
❯
Структура университета
❯
Нормативно правовые акты
❯
Учебно-клинический центр
❯
Политика в области качества
❯
Студенческая жизнь
❯
Внутренние нормативные документы
❯
Военная кафедра
❯
Международное сотрудничество
Абитуриенту
❯
Как поступить в КРМУ
❯
Магистратура
❯
Резидентура
❯
Докторантура
Студенту
❯
Вход в информационные системы
(Moodle, platonus, L-кабинет)
❯
Магистратура
❯
Департамент аудита и стратегического развития
❯
Докторантура
Сотруднику
❯
Вход в информационные системы
(Moodle, platonus, L-кабинет)
❯
Документолог
Наука
❯
Департамент науки
❯
Научные мероприятия
❯
Научные публикации
❯
Журнал Актуальные проблемы теоретической и клинической медицины
❯
Проекты
Коллегиальные органы
❯
Локально - этическая комиссия
Центр карьеры
❯
О Центре карьеры
❯
Ассоциация выпускников
❯
Выпускники КРМУ
Выпускникам
❯
Дополнительное образование /
Повышение квалификации
❯
Государственная услуга
❯
Массовые открытые онлайн курсы
(МООК)
Библиотека
❯
Бюллетень новых поступлений
❯
История библиотеки
❯
Правила пользования библиотекой
❯
Предметные библиотекари
❯
Репозиторий трудов ППС
❯
Электронные информационные ресурсы
❯
Электронный каталог веб-ирбис
Международная медицинская школа
12 СӘУІР – ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Главная
❱
12 СӘУІР – ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Университет Қазақстан ғылым қызметкерлері күнін елеулі ғылыми жетістіктермен қарсы алуда. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоғары ғылыми әлеуетке ие және ғылыми-зерттеу жұмыстарына үнемі белсенді түрде қатысады. Барлық кафедралар белсенді ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді, олардың алтауы ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығында тіркелген, сондай-ақ, шаруашылық келісімшарт негізіндегі зерттеу жобалары жүзеге асырылуда. Университет қызметкерлері Scopus және Web of Science базаларында 145 мақала жариялаған. Жас мамандар мен білім алушыларды ғылымға тарту мақсатында университетте Жас ғалымдар кеңесі мен Студенттік ғылыми қоғам жұмысын атқарып келеді. Ағымдағы оқу жылында Университет «Постковид кезеңіндегі халықтың өмір сапасын жақсартуға арналған алдын алу және оңалту бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жобаларға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті. Университет түрлі деңгейдегі – университетішілік студенттік конференциялардан бастап ірі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды тұрақты түрде ұйымдастырып, өткізіп отырады. Қызметкерлеріміз өз ғылыми зерттеу нәтижелерін түрлі мамандықтар бойынша өтетін халықаралық конгрестерде тұрақты түрде таныстырады. Биылғы оқу жылында университеттің ғылыми журналы ҚР БҒМ КОКСОНВО-ның ғылыми мақалаларды жариялауға ұсынылатын екінші тізіміне енгізілді. Университет қабырғасында жүргізілетін ғылыми зерттеулер Локалды этикалық комиссияның мұқият сараптамасынан өтеді. Комиссия мүшелерінің барлығы сертификатталған мамандар. Ғалымдардың авторлық құқықтарын қорғау мақсатында университеттің ғылым бөлімінде тәжірибелі патентовед жұмыс істейді. Ғылыми кеңес отырыстарында кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қаралады. Бұл отырыстарда ғылыми үйірмелердің негізі және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері де талқыланады. Ғылыми кеңес, құрамында негізгі профессор-оқытушылар бар, Локалды этикалық комиссия мен ғылыми-клиникалық кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді. Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күнімен Университетіміздің қызметкерлері мен білім алушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шабыт пен шығармашылық табыстар тілейміз!
Показать все
❰
❱
✕
❰
❱
✕
➟