Құқықтық сауаттылықты арттыру: Қазақстан-Ресей медициналық университетінде Конституцияға енгізілген өзгерістер талқыланды
Қазақстан-Ресей медициналық университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерге арналған түсіндіру іс-шарасы өтті. Кездесудің мақсаты қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және конституциялық реформалардың қоғам мен мемлекет үшін маңызын талқылау болды. Түсіндіру жұмыстарын қауымдастырылған профессор (доцент), тарих ғылымдарының кандидаты Аққасов Бақытжан Қаликанұлы; оқытушы Бекмұхамбет Ақтілек Аянұлы; аға оқытушы Қаскенова Әсел Рахымғазықызы; аға оқытушы, тарих ғылымдарының кандидаты Кенжебеков Қапалбек Көкежанұлы; аға оқытушы, саяси ғылымдарының кандидаты Туғанова Элеонора Әбіжанқызы жүргізді. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістер, олардың мазмұны және еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы жан-жақты түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Конституцияның жекелеген нормалары бойынша толыққанды түсіндірме алды.