KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Халықаралық медицина мектебі

Дәрігер болғың келе ме?

! "Жіберу" батырмасын басу арқылы, Сіз дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Қазақстан-Ресей медициналық университеті 2016 жылдан бастап әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттерді табысты түрде оқытып келеді. 2024 жылдың қаңтар айында шетелдік студенттермен жұмыс бөлімі Халықаралық медициналық мектеп болып қайта ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Үндістан мен Пәкістаннан 500-ден астам студент біздің университетті бітіріп, «Медицина» мамандығы бойынша бакалавр дипломын алды.

Бүгінде Халықаралық медициналық мектепте 600-ден астам студент білім алуда. Олар Үндістан, Пәкістан, Иордания, Филиппин, Палестина, Бангладеш, Түркия, Ұлыбритания және АҚШ сияқты елдерден келген.


Жыл сайын біздің түлектер өз елдерінің талаптары мен стандарттарына сәйкес емтихандарды тапсыру және дипломдарын растау рәсімінен сәтті өтеді.


Біздің университет Пәкістанның медициналық және стоматологиялық кеңесінде (PM&DC) және Үндістанның Медициналық кеңесінде тіркелген, бұл осы елдердің білім беру стандарттарына сәйкестігін растайды.

Оқуға қабылдау рәсімі:

Шетелдік студенттерді қабылдау университетіміздің серіктес компаниялары арқылы жүзеге асырылады. Олар оқу кезеңінің барлық уақытында — студентті оқуға қабылдаудан бастап оқуын аяқтағанға дейін — шетелдік студенттердің ресми өкілдері болып табылады. Қазақстан-Ресей медициналық университетіне түсу үшін шетелдік талапкер университеттен ресми шақыру алуы қажет.

Оқуға түсу үшін университеттің серіктестеріне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Паспорт

Мектеп аттестаты

IELTS / TOEFL / Duolingo сертификаты

2025–2026 оқу жылына арналған университет контингенті:

7102
Студент
6292
жергілікті студент
810
Шетелдіктер студент
41
Кафедра
127
Клиникалық базалар

Біздің серіктестер келесі мәселелер бойынша көмек көрсетеді:

Университетке түсу бойынша кеңес беру;

Құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету;

Студенттік виза алуға көмек көрсету;

Студентті 1-курстан 6-курсқа дейін толық сүйемелдеу

Халықаралық медицина мектебінің әкімшілігі

Халықаралық медицина мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы профессорлардан, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттарынан, доценттерден тұрады. Біздің оқытушылар – жоғары білікті мамандар, сабақтарды тек ағылшын тілінде жүргізеді. Олардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS/TOEFL сертификаттарымен расталған.

Жайнар Ерікова

Директордың міндетін атқарушы

Даххана Темірханова

Виза және көші-қон мәселелері жөніндегі маман

Аққұлeва Адина

Психолог

Курбанова Бахтинур

Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі әдіскер

Құралай Оразымбет

Тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Клиникалық базалар

Арнайы клиникалық пәндер бойынша практикалық оқыту Алматы қаласының жетекші клиникаларында жүргізіледі. 2025–2026 оқу жылына қала, облыс және аудандардағы 127 клиникалық базамен білім алушылар контингентіне байланысты 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған.

Халықаралық медицина мектебінің қызметкерлері келесі мәселелер бойынша сіздерге көмек көрсетуге әрқашан дайын:

Академиялық және визалық-көші-қон мәселелері бойынша көмек пен кеңес беру;
1-курс студенттеріне университеттегі оқу жағдайларына бейімделу мәселесі бойынша жеке және топтық кеңес беру;
Шетелдік студенттердің университеттің барлық білім беру процесіне бейімделуіне көмек көрсетуді үйлестіру;
Бекітілген оқу жоспарына сәйкес шетелдік студенттер үшін визалық қолдауды/режимді жоспарлау және ұйымдастыру;
Шетелдік студенттерді көші-қон есебіне қоюды жүзеге асыру;
Ғылыми жұмыста көмек көрсету;
Тәрбие қызметін жүргізу, соның ішінде спорттық іс-шараларды, экскурсияларды, көрмелерді, ағартушылық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Шетелдік студенттердің оқу және көші-қон тәртібін және Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;
Университеттің шетелдік серіктес компанияларының жұмысын үйлестіру.

Білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламасы: Жалпы медицина Біліктілік: Медицина бакалавры Оқудың басталу жылы: 2019 Оқу ұзақтығы: 5 жыл Оқыту тілі: Қазақ, орыс, ағылшын Интернатура: Бакалавриатты бітіргеннен кейін 2 жыл Интернатурадан кейінгі біліктілік: Жалпы практикалық дәрігер

Білім беру бағдарламасы: Жалпы медицина Біліктілік: Медицина бакалавры Оқудың басталу жылы: 2020 Оқу ұзақтығы: 5 жыл Оқыту тілі: Қазақ, орыс, ағылшын Интернатура: Бакалавриатты бітіргеннен кейін 1 жыл Интернатурадан кейінгі біліктілік: Жалпы практикалық дәрігер

Білім беру бағдарламасы: Жалпы медицина Біліктілік: Медицина бакалавры Оқудың басталу жылы: 2021 Оқу ұзақтығы: 5 жыл Оқыту тілі: Қазақ, орыс, ағылшын Интернатура: Бакалавриатты бітіргеннен кейін 1 жыл Интернатурадан кейінгі біліктілік: Жалпы практикалық дәрігер

Бағдарлама атауы: Медицина магистрі Біліктілік: Медицина докторы Оқудың басталу жылы: 2022 Оқу ұзақтығы: 6 жыл Оқыту тілі: Орыс, қазақ, ағылшын Шетелдік студенттер: Шетелдік студенттер қабылданады

Байланыс

Академиялық мәселелер бойынша:
Телефон: +7 708 312 8004
Виза және көші-қон мәселелері бойынша:
Телефон: +7 708 312 8007
Тәрбие жұмысы мәселелері бойынша:
Телефон: :+7 708 312 8004
Абитуриенттердің қабылдау мәселелері бойынша:
Телефон: :+7 708 312 8004
Пәкістаннан талапкерлер үшін:
Телефон: :+7 707 686 7864
Мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., Төреқұлов көшесі 71, 410 кабинет
Instagram: mis.medkrmu