7R01151 – «Кардиология (балалар)»
ББ миссиясы:
Жаңа буынның бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық ойлайтын, өз білімдері мен дағдыларын тиімді жүзеге асыра алатын балалар кардиологы мамандарының құзыреттері мен тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
ББ мақсаты:
балалардағы жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін білімге, практикалық дағдыларға және кәсіби құзыреттерге ие білікті балалар кардиологын даярлау
Оқыту нәтижелері:
ОН1 Кардиологиялық патологиясы бар баланың жағдайын клиникалық бағалау – диагноз қою, ауырлығын және асқыну қаупін анықтау.
ОН2 Фармакокинетика мен фармакодинамиканың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәрі-дәрмек терапиясын тағайындау және түзету.
ОН3 Кардиологиялық патологиясы бар балалар пациенттерді кешенді тексерудің нәтижелерін талдау және одан әрі клиникалық ұсыныстар әзірлеу.
ОН4 Медициналық есеп-қисап құжаттарын рәсімдеу және жүргізу, медициналық көмек сапасын сараптау.
ОН5 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық аясында әрекет ету.
ОН6 Балалар пациенттермен және олардың ата-аналары немесе заңды өкілдерімен, сондай-ақ әріптестермен тиімді өзара әрекеттесу.
ОН7 Кәсіби-командалық құрамда әрекеттерді талқылау және үйлестіру, нәтижелерді жақсартуға арналған өз ұсыныстарын білдіру және қорғау.
ОН8 Зерттеу сұрақтарын қалыптастыру, алынған ғылыми деректерді талдау, қорытындылау және нәтижелерді клиникалық тәжірибеде қолдану.
ОН9 Халықаралық деректер базаларын күнделікті кәсіби қызметте тиімді пайдалану және үздіксіз кәсіби дамуға арналған іс-шараларға қатысу
| Кредиттер көлемі: | 140 кредит |
|---|---|
| Бағдарламаның жылдармен ұзақтығы: | 2 жыл |
| Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін біліктілігі: | балалар кардиолог-дәрігері |
| ББ аккредитациясы: | 2026 жылғы сәуір айына жоспарланған |
Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін алдыңғы білім деңгейі: базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның немесе "Дәрігер" біліктілігін растайтын құжаттың болуы
Үлгілік оқу жоспарының құрылымы
| Р/с № | Пәндердің (модульдердің) атауы | Кредиттер саны |
|---|---|---|
| 1 | Бейінді пәндер циклы | 138 |
| 1) | Міндетті компонент | 134 |
| Жүректің электрофизиологиясы | 12 | |
| Инвазивті емес кардиоваскулярлық визуализация | 20 | |
| Стационардағы кардиология | 56 | |
| Амбулаториялық-емханалық кардиология | 22 | |
| Қарқынды кардиология | 16 | |
| Интервенциялық кардиология | 8 | |
| 2) | Таңдау бойынша компонент | 4 |
| 2 | Қорытынды аттестаттау | 2 |
| Жиыны: | 140 |