7R01153 – «Неврология (балалар)»
ББ миссиясы:
жаңа буынның бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық ойлайтын, өз білімдері мен дағдыларын тиімді жүзеге асыра алатын балалар невропатологы (неврологы) мамандарының құзыреттері мен тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
ББ мақсаты:
балалардағы неврологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау, емдеу және медициналық оңалтуды жүргізу бойынша заманауи білім мен практикалық дағдыларға ие, балалар мүгедектігін төмендетуге және бала мен отбасының өмір сапасын жақсартуға бағытталған білікті балалар невропатолог дәрігерлерін даярлау
Оқыту нәтижелері:
ОН1 пациенттерде (балаларда) жүйке жүйесінің ауруларын клиникалық диагностикалау әдістерін меңгеру
ОН2 барлық кезеңдерде сабақтастықты сақтай отырып, пациенттерде (балаларда) жүйке жүйесінің ауруларын емдеуді жүргізу
ОН3 неврологиялық аурулары бар пациенттерге қатысты медициналық сараптама жүргізу
ОН4 халық арасында неврологиялық аурулар мен олардың асқынуларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, жүргізу және олардың тиімділігін бақылау
ОН5 жүйке жүйесі аурулары бар пациенттерді (балаларды) қалпына келтіру лечение және медициналық оңалтуды жүргізу
ОН6 медициналық есепке алу-есеп құжаттамасын ресімдеу және жүргізу, медициналық көмек көрсету сапасына сараптама жүргізу
ОН7 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық өрісі шеңберінде әрекет ету
ОН8 балалық шақтағы пациенттермен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен, әріптестерімен өзара әрекеттесу
ОН9 кәсіби командалар құрамындағы іс-әрекеттерді талқылау және келісу, нәтижелерді одан әрі жақсарту үшін өз нұсқаларын білдіру және қорғау
ОН10 зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, алынған ғылыми деректерді талдау, оларды жалпылау, қорытынды жасау және нәтижелерді клиникалық тәжірибеде қолдану
ОН11 күнделікті қызметте халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалану, үздіксіз кәсіби даму іс - шараларына қатысу
| Кредиттер көлемі: | 140 кредит |
|---|---|
| Бағдарламаның жылдармен ұзақтығы: | 2 жыл |
| Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін біліктілігі: | балалар невролог-дәрігері |
| ББ аккредитациясы: | 2026 жылғы сәуір айына жоспарланған |
Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін алдыңғы білім деңгейі: базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның немесе "Дәрігер" біліктілігін растайтын құжаттың болуы
Үлгілік оқу жоспарының құрылымы:
| Р/с № | Пәндердің (модульдердің) атауы | Кредиттер саны |
|---|---|---|
| 1 | Бейінді пәндер циклы | 138 |
| 1) | Міндетті компонент | 134 |
| Стационардағы неврология модулі, балалар-1 | 70 | |
| Стационардағы неврология модулі, балалар-2 | 50 | |
| Амбулаториялық-емханалық неврология, балалар | 14 | |
| 2) | Таңдау бойынша компонент | 4 |
| 2 | Қорытынды аттестаттау | 2 |
| Жиыны: | 140 |