7R01154 – «Нефрология (балалар)»
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

ББ миссиясы:

жаңа буынның бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық ойлайтын, өз білімдері мен дағдыларын тиімді жүзеге асыра алатын балалар нефрологы мамандарының құзыреттері мен тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру

ББ мақсаты:

балалардағы неврологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау, емдеу және медициналық оңалтуды жүргізу бойынша заманауи білім мен практикалық дағдыларға ие, балалар мүгедектігін төмендетуге және бала мен отбасының өмір сапасын жақсартуға бағытталған білікті балалар невропатолог дәрігерлерін даярлау

Оқыту нәтижелері:

ОН1 бүйрек функциясы бұзылған немесе бұзылмаған бүйрек аурулары бар пациенттерді (балаларды), оның ішінде трансплантацияланған бүйректі стационар деңгейінде диагностикалауды, емдеуді жүргізу

ОН2 бүйрек функциясы бұзылған немесе бұзылмаған бүйрек аурулары бар пациенттерді (балаларды), оның ішінде амбулаториялық деңгейде трансплантацияланған бүйректі диагностикалауды, емдеуді жүргізу

ОН3 бүйрек функциясы бұзылған немесе бұзылмаған бүйрек аурулары бар пациенттерде (балаларда), оның ішінде трансплантацияланған бүйректе профилактикалық және оңалту іс-шараларын ұйымдастыру

ОН4 медициналық есепке алу-есеп құжаттамасын ресімдеу және жүргізу, медициналық көмек көрсету сапасына сараптама жүргізу

ОН5 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық өрісі шеңберінде әрекет ету

ОН6 балалық шақтағы пациенттермен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен, әріптестерімен өзара әрекеттесу

ОН7 бүйрек аурулары бар науқастарға қатысты медициналық сараптама жүргізу

ОН8 кәсіби командалар құрамындағы іс-әрекеттерді талқылау және келісу, нәтижелерді одан әрі жақсарту үшін өз нұсқаларын білдіру және қорғау

ОН9 зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, алынған ғылыми деректерді талдау, оларды жалпылау, қорытынды жасау және нәтижелерді клиникалық тәжірибеңізге қолдану

ОН10 күнделікті қызметте халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалану, үздіксіз кәсіби даму іс - шараларына қатысу

Кредиттер көлемі: 140 кредит
Бағдарламаның жылдармен ұзақтығы: 2 жыл
Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін біліктілігі: балалар нефролог-дәрігері
ББ аккредитациясы: 2026 жылғы сәуір айына жоспарланған

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін алдыңғы білім деңгейі: базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның немесе "Дәрігер" біліктілігін растайтын құжаттың болуы

Үлгілік оқу жоспарының құрылымы

Р/с № Пәндердің (модульдердің) атауы Кредиттер саны
1 Бейінді пәндер циклы 138
1) Міндетті компонент 134
Стационардағы нефрология модулі, балалар 82
Амбулаториялық-емханалық нефрология 10
Интервенциялық нефрология 12
Диализ терапиясы 17
Бүйрек трансплантациясы 13
2) Таңдау бойынша компонент 4
2 Қорытынды аттестаттау 2
Жиыны: 140