7R01145 – « Әскери терапия»
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

ББ миссиясы:

Қарулы қақтығыстар, төтенше жағдайлар және ұрыс әрекеттері жағдайында білікті медициналық көмек көрсетуге дайын әскери терапевт-дәрігер мамандарының кәсіби құзыреттері мен жеке қасиеттерін қалыптастыру.

ББ мақсаты:

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және әскерлер орналасқан аймақтардың климатогеографиялық ерекшеліктеріне байланысты оқу-жаттығу мен әскери іс-қимыл жағдайында әскери қызметшілерге терапиялық медициналық көмек көрсету үшін қажетті кәсіби құзыреттерге ие білікті әскери терапевт-дәрігерлерді даярлау.

Оқыту нәтижелері:

ОН1 Дала жағдайында алғашқы және дәрігерге дейінгі медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету.

ОН2 Шектеулі ресурстарды ескере отырып, әскери қызметшілерге арналған емдеу және оңалту сызбаларын әзірлеу.

ОН3 Жаттығу жүктемелері нәтижесінде туындаған ауруларды диагностикалау және емдеу.

ОН4 Төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайларында зардап шеккендерді медициналық сұрыптаудан өткізу.

ОН5 Әскери қызметшілердің психофизиологиялық жағдайын бағалау және бастапқы психотерапиялық көмек көрсету.

ОН6 Әскери қызметшілердің кәсіби ауруларының алдын алу әдістерін қолдану.

ОН7 Әскери операциялар мен оқу-жаттығуларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

ОН8 Соғыс уақыты талаптарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізу.

Кредиттер көлемі: 140 кредит
Бағдарламаның жылдармен ұзақтығы: 2 жыл
Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін біліктілігі: Әскери терапевт-дәрігері
ББ аккредитациясы: 2026 жылғы сәуір айына жоспарланған

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін алдыңғы білім деңгейі: базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның немесе "Дәрігер" біліктілігін растайтын құжаттың болуы

Үлгілік оқу жоспарының құрылымы

№ р/н Пәндер / модульдердің атауы Кредит саны
1 Кәсіби пәндер циклі 138
1) Міндетті компонент 134
Тактикалық медицина 30
2) «Әскери терапия» модулі 60
Әскери терапия-1 40
Әскери терапия-2 20
Қауіп төндіретін жағдайларда шұғыл терапиялық көмек 20
Әскери-медициналық сараптама 6
Әскери токсикология және гигиена 6
Әскери медицинадағы психология және психиатрия 6
Әскери қызметшілерді оңалту және олардың денсаулығын қалпына келтіру 6
3) Таңдау бойынша компонент 4
Қорытынды аттестаттау 2
Барлығы 140