7R01146 – « Әскери хирургия»
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

ББ миссиясы:

ұрыс жарақаты, жаппай санитарлық шығындар және ресурстар шектеулі жағдайларда уақтылы әрі кезеңдік хирургиялық көмек көрсете алатын, дәлелді медицина және әскери медицина стандарттарын сақтай отырып, жараланғандардың өмірін сақтауды, жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етуді және оларды жедел эвакуациялауды жүзеге асыра алатын әскери хирургтардың кәсіби құзыреттері мен тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

ББ мақсаты:

Әскери қызметшілерге санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен әскерлер орналасқан өңірлердің климатогеографиялық ерекшеліктеріне байланысты оқу-жауынгерлік дайындық және ұрыс жағдайларында хирургиялық көмек көрсету үшін қажетті кәсіби құзыреттерге ие білікті әскери хирург-дәрігерлерді даярлау.

Оқыту нәтижелері:

ОН1 Дала жағдайларда алғашқы және дәрігерге дейінгі медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету

ОН2 Шектеулі ресурстарды ескере отырып, әскери қызметшілерге хирургиялық емдеу мен оңалтудың сызбаларын әзірлеу

ОН3 Жаттығу жүктемелерінің нәтижесінде пайда болған хирургиялық ауруларды диагностикалау және емдеу

ОН4 Төтенше жағдайлар мен ұрыс қимылдары жағдайында зардап шеккендерді медициналық сұрыптаудан өткізу

ОН5 Әскери қызметшілердің психофизиологиялық жағдайын бағалау және бастапқы психотерапиялық көмек көрсету.

ОН6 Әскери қызметшілерде кәсіби аурулардың алдын алу әдістерін меңгеру.

ОН7 Әскери операциялар мен жаттығулар кезінде медициналық қолдауды қамтамасыз ету.

ОН8 Медициналық құжаттаманы, соның ішінде соғыс уақытындағы талаптарға сәйкес жүргізу

ОН9 Экстремалды және күйзеліске толы жағдайларда мультидисциплинарлық топ құрамында жұмыс істеу

Кредиттер көлемі: 210 кредит
Бағдарламаның жылдармен ұзақтығы: 3 жыл
Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін біліктілігі: Әскери хирург-дәрігері
ББ аккредитациясы: 2026 жылғы сәуір айына жоспарланған

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін алдыңғы білім деңгейі: базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның немесе "Дәрігер" біліктілігін растайтын құжаттың болуы

Үлгілік оқу жоспарының құрылымы

№ р/н Пәндер / модульдердің атауы Кредит саны
1 Кәсіби пәндер циклі 138
1) Міндетті компонент 134
Әскери токсикология және гигиена 10
2 «Хирургия» модулі 60
Іріңді хирургия 13
Гнойная хирургия 12
Ангиохирургия 5
Нейрохирургия 5
Травматология және ортопедия 14
Амбулаториялық-емханалық хирургия 6
Анестезиология және реаниматология 5
3 «Әскери-медициналық хирургия» модулі 62
Әскери-медициналық хирургия-1 30
Әскери-медициналық хирургия-2 32
Тактикалық медицина 40
Әскери медицинадағы психология және психиатрия 8
Әскери қызметшілерді оңалту және олардың денсаулығын қалпына келтіру 10
Әскери-медициналық сараптама 10
4 Таңдау бойынша компонент 8
5 Қорытынды аттестация 2
Барлығы: 210