2025 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі
2025 жылғы 4 шілдеде «Жалпы практика дәрігері» және «Стоматология» мамандықтары бойынша интернатура түлектеріне, сондай-ақ Жалпы медицина, Стоматология, Қоғамдық денсаулық сақтау, Фармация және Мейірбике ісі факультеттерінің бакалавриат түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараны университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жайнақбаев Н.Т. ашып, түлектерді оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтап, кәсіби жолда табыс тіледі. Сондай-ақ түлектерге құттықтау сөздерімен төмендегі тұлғалар шықты: академиялық жұмыс жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының кандидаты Құсаинова А.С.; ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейдалин А.О.; Жалпы медицина факультетінің Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы қ. №8 Қалалық клиникалық ауруханасының директоры Бейсембеков С.З.; Стоматология факультетінің Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрайымы, медицина ғылымдарының кандидаты Қайкенова С.Е.; медицина ғылымдарының докторы, профессор Орақбай Л.Ж.; Фармация факультетінің бітіруші кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Қаюпова Ф.Е.; факультет декандары, медицина ғылымдарының кандидаты Мусаев Б.С. және Вдовцев А.В., сондай-ақ деканның орынбасары Керімқұлов Д.Б.
Іс-шара барысында 2025 жылғы түлектерге біліктілік беру және диплом тапсыру туралы Бұйрық жарияланды.