Ахмет Байтұрсыновтың Музей-үйіне экскурсия
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылдың 14-15 қазанында 1 курс студенттері үшін Ахмет Байтұрсыновтың Музей-үйіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы — қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Шуланбекова Г.К.

Экскурсия барысында студенттер қазақтың көрнекті ғалымы, ағартушысы, лингвисті және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметімен танысты. Экскурсия жүргізушілері оның қазақ жазуын дамытуға, әліпби реформасына қосқан үлесі және ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі туралы жан-жақты баяндап берді.

Іс-шара студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге және азаматтық-патриоттық тәрбиені нығайтуға ықпал етті.