«Aq-Jol» жастар денсаулық орталығы маманының қатысуымен өткен семинар-тренинг
2025 жылғы 21 қазанда университетте бірінші курс студенттері үшін «Ерте жүктілік: салдары, отбасын жоспарлау әдістері және қолжетімді медициналық қызметтер» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны №7 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері, «Aq-Jol» Жастар денсаулық орталығының өкілі Джалилова Т.З. жүргізді.
Семинардың негізгі мақсаты – студенттерді ерте және жоспарланбаған жүктіліктің әлеуметтік және медициналық қауіптері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ контрацепцияның заманауи әдістері мен білікті медициналық көмек алу мүмкіндіктері жөнінде білім деңгейін арттыру болды.