«АРДИ» қауымдастығындағы волонтерлік акция
2025 жылғы 22 қыркүйекте Медицина факультетінің 2-курс студенттері кураторлар, Анатомия курстарымен кафедрасының оқытушылары Н.Н.Правин, Г.К.Султамбекова және У.И. Джаманованың жетекшілігімен «АРДИ» – Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығында санитарлық-волонтерлік акция ұйымдастырды.
Волонтерлік бастаманы 201АБ, 202АБ және 203АБ топтарының студенттері қолдап, тапсырылған міндеттерге аса жауапкершілікпен және үлкен ықыласпен қарады. Акция аясында ішкі бөлмелер тазаланып, аула абаттандырылып, орталықтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
Ортақ күш-жігердің арқасында қауымдастық тәрбиеленушілері үшін тазалығы мен жайлылығы жоғары, қауіпсіз орта қалыптасты. Мұндай игі бастамалар студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін, қайырымдылық пен азаматтық белсенділігін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Осындай іс-шараларға қатысу – болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамытумен қатар, жанашырлық пен көмекке мұқтаж жандарға қамқор болуға шабыттандырады.