«Арғытүркілер мұрасы - Ұлы Дала өркениетінің негізі ретінде»
2025 жылғы 8–9 қазан күндері, Республика күні қарсаңында, «Стоматология» факультетінің 101 А,Б, 103 А,Б, 104 А,Б оқу топтарында «Арғытүркілер мұрасы - Ұлы Дала өркениетінің негізі ретінде» тақырыбында тәрбиеге бағытталған семинар-сабақтар өткізілді. Іс-шараларды Қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Омарғазы Е.Е. ұйымдастырды.
Семинарлар студенттерді көне түркілердің бай мәдени және рухани мұрасына терең бойлату мақсатын көздеді. Қонақжайлылық, отансүйгіштік, туған жерге құрмет, ата-баба дүниетанымы мен қоғамдық құрылым ерекшеліктері сияқты негізгі құндылықтар талқыланды.
Сақ-скиф өркениетінің материалдық және рухани мәдениетіне ерекше назар аударылды: зергерлік бұйымдарының нәзіктігі, әскери өнері, полихромды «аң стилі», оның эстетикасы, символикасы мен сакралды мағынасы мәдениеттанулық және тарихи-философиялық тұрғыдан қарастырылды.
Тәрбие сабағы тек білім беретін емес, сонымен қатар студенттердің патриоттық сана-сезімін, тарихи жадысын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық ұжымдық шара болды. Командалық жұмыс пен креативті ойлау арқылы қатысушылар ұлттық тарих пен мәдениетке деген көзқарастарын көрсетті.
Қазақстан жерін ежелден мекендеген сақ, массагет, скиф, сармат және басқа да көне халықтардың өмір салты мен дәстүрлерінен шабыт алған студенттер археологиялық және палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған артефакттардың авторлық макеттерін жасады. Тарихи жәдігерлердің көшірмелерін пайдалана отырып, олар жоғары деңгейдегі қызығушылықты, шығармашылықты және тарихи-мәдени мұраны сақтауға деген ұмтылысты танытты.
Осындай іс-шаралар болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, өз тамырына деген құрметке, азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге ықпал етеді.