«City Makers» қалалық фестиваліне қатысу
2025 жылдың 27 қыркүйегінде Қоғамдық пәндер кафедрасының кураторлары Ералиева Т.Е. (112 А,Б топтары, Медицина факультеті), Құдасова А.Т. (116 А,Б Медицина) және Сейтқұлова А.Т. (120 А, Б Медицина) өз топтарымен бірге «City Makers» қалалық жастар фестиваліне қатысты. Фестиваль Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шараның мақсаты – қалалық жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру, олардың қоғамдық белсенділігін ынталандыру, сондай-ақ ғылым, өнер, білім және экология салаларындағы жобаларын көпшілікке таныстыру. Фестиваль аясында түрлі интерактивті алаңдар, шеберлік сағаттары, ғылым-білім даңғылдарының көрмесі, қала жастарының ұйымдары және өнерпаз жастардың шығармашылық бағдарламасы ұйымдастырылды.