Фармация кафедрасындағы мастер-класс
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 10 қазанда Фармация кафедрасында «Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы және оларды ұтымды пайдалану саласындағы заңнама» тақырыбында тақырыптық мастер-класс өткізілді.

Іс-шара студенттердің кәсіби бағдарын арттыру және фармацевтикалық тәжірибеге байланысты теориялық білімдерін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Мастер-класқа кафедра кураторлары өз топтарымен белсенді қатысты.

Мастер-классты фармация кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.Е. Каюпова құттықтау сөзімен ашып, болашақ мамандар үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды тіркеу, сақтау, айналымға енгізу және босату тәртібін реттейтін негізгі заңнамалық нормалар түсіндірілді. Сонымен қатар, медициналық бұйымдарды қауіпсіз әрі ұтымды пайдалану талаптары, фармаконадзор мәселелері мен фармацевтикалық қызметтегі этикалық нормаларды сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Мастер-класс студенттердің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық база бойынша тұрақты білімдерін қалыптастыруға, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметтеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара интерактивті форматта өтті: қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, кафедра оқытушыларынан практикалық ұсыныстар алды.