«Almaty Cyber Games International 2025» Халықаралық киберспорттық турнирге қатысу
2025 жылғы 4 қазанда қоғамдық пәндер кафедрасының кураторы, аға оқытушы Жубанқузова И.А. студенттермен бірге қонақ ретінде «Almaty Cyber Games International 2025» халықаралық киберспорттық турниріне қатысты. Турнир Балуан Шолақ атындағы Спорт кешенінің аренасында өтті.
Ауқымды іс-шара «Almaty Cyber Games» қалалық жобасы аясында өткізілді, ол сандық жастар мәдениетін дамытуға және Алматы қаласын Орталық Азиядағы негізгі киберспорт хабы ретінде танытуға бағытталған. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан келген мықты кәсіби командалар қатысты және бұл жоғары технологиялар, спорттық рух пен интеллектуалдық жарысқа толы нағыз мереке болды.
Осындай іс-шараларға қатысу студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, қазіргі заманғы сандық трендтермен таныстыруға және IT-индустриясы мен киберспорттың перспективалы салаларына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Іс-шара студенттерде жарқын әсер қалдырып, киберспорттың қазіргі жастар мәдениетінің маңызды бөлігі және халықаралық ынтымақтастықтың платформасы болып отырғанын көрсетті.