«Жалпы медицина» факультетінің студенті Азия чемпионатында жүлдегер атанды!
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында стенд атудан XVI Азия чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Азияның 27 елінен 748 спортшы қатысты. Турнир құрлықтың үздік мергендерін біріктірген маңызды спорттық оқиға болды.

Бұл беделді жарыста Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «Жалпы медицина» факультетінің 421Б тобының студенті — Ибрагимова Элеонора қатысып, жоғары дайындық пен мергендігін көрсетті. Ол төмендегідей тамаша нәтижелерге қол жеткізді:

2-орын — трап жаттығуы, командалық есеп
1-орын — микс-жаттығу
2-орын — дабл-трап, жеке есеп
1-орын — дабл-трап, командалық есеп

Жарыс қорытындысы бойынша Элеонора Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасына іріктеліп алынды.
Элеонораны осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық деңгейде толағай табыстар тілейміз!