«Конституция – саяси жаңғыру мен қоғам дамуының жолы»
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 3 қыркүйекте Қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Каскенова А.Р. Стоматология факультетінің 1 курс студенттеріне арнап «Конституция – саяси жаңғыру мен қоғам дамуының жолы» тақырыбында дәріс-дискуссия өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституцияның 30 жылдығына арналды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі рөлін түсінуді қалыптастыру және оның саяси жаңғыру мен қоғам дамуы үдерістеріндегі маңызын ұғындыру.

Іс-шара жоғары мазмұнды деңгейде өтті. Дәрістің тақырыбы болашақ мамандарды даярлау барысында үлкен тәрбиелік және білімдік мәнге ие. Сонымен қатар, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және Конституцияның Қазақстанның демократиялық дамуының негізі ретіндегі маңызын терең түсінуге ықпал етеді.

Кітапханада Конституция күніне орай тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде құқықтық мемлекетті қалыптастыру, азаматтық қоғамды дамыту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Конституцияның рөлін ашып көрсететін нормативтік-құқықтық актілер, ғылыми және публицистикалық еңбектер ұсынылды.

Кітапханада тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, азаматтық қоғамды дамытудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Конституцияның рөлін ашатын нормативтік-құқықтық актілер, ғылыми және публицистикалық еңбектер қойылды.