«Мықты ұлт отбасында қалыптасады»
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 12 қыркүйекте университетте Отбасы күніне орай кураторлық сағаттар өткізілді. Іс-шаралар «Мықты ұлт отбасында қалыптасады» ұранымен өтті.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасының оң бейнесін қалыптастыру, оның қоғамдық мәртебесін арттыру, сондай-ақ ата-ананың өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөліне назар аударту.

Кураторлық сағаттар аясында студенттер белсенділік танытып, өз отбасылары туралы презентациялар ұсынды, отбасылық дәстүрлерімен және естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқытушылардың отбасының тұлғаны, адамгершілік бағыт-бағдарын және азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызы туралы баяндамалары тыңдалды.

Өткізілген іс-шаралар студенттердің отбасы институтына деген құрметін арттыруға, оның әр адамның өміріндегі маңыздылығын түсінуге және отбасылық құндылықтарды сақтау қажеттігін ұғынуға ықпал етті.