Қарттар күні қарсаңында – қайырымды іс
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 26 қыркүйекте Қарттар күніне орай Анатомия курстары кафедрасының кураторы Н.Н. Правиннің жетекшілігімен, «Медицина» факультетінің 201АБ, 202АБ, 203Б топтарының студент- волонтерлері «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында сенбілік ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер орталықтың ауласын тазалап, санитарлық жағдайын жақсартуға белсенді атсалысты. Бұл шара жастардың үлкендерге құрмет көрсету, әлеуметтік жауапкершілік пен мейірімділік қағидаларын бойына сіңіруде маңызды рөл атқарды.

Қайырымды істер – қоғам игілігі!