Қарттар күніне арналған қайырымдылық акциясы
2025 жылдың 1 қазанында госпитальды хирургия анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы (ҚРМУ), жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы (ҚРМУ), травматология, ортопедия және әскери-далалық хирургия кафедрасы (ҚРМУ), нутрициология және гепатология курсы бар гастроэнтерология кафедрасының (ҚазМҮББУ) қатысумен Халықаралық қарттар күніне орай қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл күн – қоғамның, мемлекеттің және отбасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығын еске салатын маңызды дата.
Іс-шара «Рахат» медициналық орталығының базасында госпитальды хирургия анестезиология және реаниматология курсымен кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор В.М. Мадьяровтың қолдауымен өтті.
ңнен бастап әртүрлі бейіндегі мамандар, тәжірибелі оқытушылар мен дәрігерлер зейнеткерлік жастағы азаматтарға тегін кеңес беріп, диагностикалық көмек көрсетті.
Іс-шараның ерекшелігі – резидент-дәрігерлердің белсенді қатысуы болды. Олар жетекші мамандардың бақылауымен пациенттерге бастапқы тексеру жүргізіп, кеңестер берді. Бұл тәжірибе қарт адамдарға нақты көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар жас мамандардың клиникалық дағдыларын жетілдіруге де мүмкіндік берді. Акциядан кейін резиденттердің қатысуымен клиникалық жағдайларды талқылау өткізілді. Пациенттерді басқару тактикасы қарастырылып, егде жастағы адамдарға мұқият әрі құрметпен қараудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, қатысушылардан жоғары баға алды. Пациенттер ұйымдастырушылар мен дәрігерлерге кәсібилігі, жанашырлығы мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.