Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау бойынша іс-шаралар
Қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Е.Е. Омарғазы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.К. Аққасов түсіндіру және тәрбие жұмысы аясында барлық факультеттердің 1 курс білім алушылары үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған талқылау жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау жүйесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық инфрақұрылымды нығайту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер талқыланған тақырыптарға үлкен қызығушылық танытып, пікірталастарға белсене қатысып, өз ойларын білдіріп, өзекті сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер жастар арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ еліміздің даму стратегиясын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Аталған іс-шаралар білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар студенттердің мемлекет ішкі және сыртқы саясатына жүйелі көзқарасын қалыптастыруға, сыни ойлау мен цифрлық мәдениетті дамытуға бағытталған.