«Қыран елім – Қазақстаным!»
2025 жылғы 23 қазанда №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы базасында Педиатрия балалар жұқпалы аурулар курсымен кафедрасы ұйымдастырған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға құрметті қонақтар, кафедра ардагерлері, профессорлық-оқытушылық құрам, 6-курс интерндері мен 1–2 курс педиатрия резиденттері қатысты. Іс шарада Вдовцев А.В., Жалпы медицина факультетінің деканы; Лян Ж.А., аудит және стратегиялық даму департаментінің жетекшісі; Нұғманова А.М., медицина ғылымдарының докторы, Педиатрия балалар жұқпалы аурулар курсымен кафедрасының меңгерушісі сөз сөйледі.
Мереке аясында концерттік бағдарлама, «Арқан тарту» спорттық сайысы, сондай-ақ «Мемлекеттік рәмізді құрастыр», «Алтын алқа», «Қазақстан Республикасының символикасын тап» атты ойындар мен викториналар ұйымдастырылды.
Студенттер дайындаған күйлер, әндер мен билер мерекеге қуаныш пен отансүйгіштік рух сыйлады. Іс-шара сайыс жеңімпаздарын марапаттау және студенттік жастар флешмобымен қорытындыланды. Бұл флешмоб елге деген сүйіспеншілік пен бірліктің символына айналды.