Республика күні – бірлік пен мақтаныш мерекесі!
Республика күні қарсаңында, 2025 жылғы 20–24 қазан аралығында университетте оқу топтарының кураторлары ұйымдастырған мазмұнды іс-шаралар апталығы өтті.
Мерекелік апта барысында конференциялар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар, кураторлық сағаттар және Республикамыздың тарихы мен жетістіктеріне арналған басқа да тақырыптық кездесулер өткізілді. Бұл іс-шаралар студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға, мәдени дәстүрлерге құрметпен қарауға және өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.