Т. Абдрашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр концертіне бару
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 10 қазанда фармация факультетінің 301А және 301Б топтарының кураторы Ф.Е. Каюпова студенттермен бірге Төлеубек Абдрашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концертін тамашалады.

Бұл жай ғана мәдени іс-шара емес, қатысушыларға терең эмоциялық әсер сыйлап, жүректерде ұмытылмас із қалдырған нағыз рухани оқиға болды. Симфониялық музыка — адам жанына әсер етіп, ішкі әлемін ашатын, ең шынайы сезімдерді оятатын биік өнер.

Классикалық әуендер залды биіктік пен үйлесімділікке толтырып қана қоймай, болашақ медицина қызметкерлері үшін аса маңызды кәсіби қасиеттер — сезімталдық, зейін, жинақылық пен ішкі сабырлылықты дамытуға ықпал етті.

Мұндай мәдени шаралар эстетикалық тәрбиені қалыптастырып, дүниетанымды кеңейтеді, өнер мен өмірге деген құндылықты көзқарасты нығайтады. Бұл кеш студенттер үшін кәсіби және тұлғалық қалыптасу жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.