Жастар ғалымдары мен студенттердің халықаралық форумы
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 16–18 қазан аралығында Шымкент қаласында жастар ғалымдары мен студенттердің халықаралық форумы өтті. Бұл іс-шараға фармация факультетінің 4 курс студенттері Ирсалиева Нигара мен Тохтахунова Гульвира белсенді қатысты. Олардың ғылыми жетекшілері фармацевтика ғылымдарының докторы, доцент Келимханова Сауле Есенқұловна және аға оқытушы Жалдыбаев Қайрат Кеншілікұлы болды.

Форум ғылыми тәжірибе алмасу, өзекті зерттеулерді талқылау және жастардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін маңызды алаңға айналды. Бұл шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін қолдауға ықпал етті.