Қоршаған ортаны қорғаудың бүкіләлемдік күніне арналған экологиялық акция
2025 жылғы 23 мамырда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күні кәсіби мерекесі қарсаңында, университетте, аумақты тазалау бойынша экологиялық акция өтті. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, молекулалық биология, жалпы химия және биохимия курсы кафедрасының оқытушысы К.М.Бухарбаевтың жетекшілігімен волонтерлердің қатысуымен өтті.
Экологиялық ағартушылық және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында кураторлар студенттермен тақырыптық тәрбие сағаттарын өткізуде. Бұл кездесулер студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және тұрақты әдеттерді дамытуға бағытталған.