Қазақстан республикасы президентінің Жас ғалымдармен кездесуі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 ж. 31 мамырда Алматы қаласында 200-ден астам еліміздің жас ғалымдарымен Қазақ ғылымының қара шаңырағы Ұлттық ғылым академиясында кездесу өткізді.
✓ Кездесу барсында ғылым мен білім саласы, қазіргі уақытта инжинерлер, сәулетшілер, өнертапқыштарды дайындау аса маңызды екенін алға тартты.
✓ Президент ғылым саласындағы мәселелерді айта келе, оны шешетін жүйелі тетіктерді, оңтайлы жолдарыды атап өтті. Алдағы уақытта ғылымға бөлінетін қаржы мөлшері артатынын айтты.
✓ Зерттеу жұмыстарымен айналысатын білім ордаларының санын көбейтіп, жас ғалымдарға мыңдаған гранттар бөлінетінін жеткізді.
✓ Елімізде Шет елді үздік жоғары оқу орындарының бөлімдерін ашу еліміз үшін өте маңызды мәселе екенін алға тартты.
✓ Мемлекет басшысы кездесуде сөйлеген сөзінде ғалымдар жұмысының 10 басым бағыттарын атап өтті.
➢ Өмірдің барлық процесі мен саласын цифрландыру.
➢ Баламалы энергия көздерін дамыту.
➢ Жасыл экономиканы дамыту.
➢ Машина жасау.
➢ Медицина, фармацевтика,биотехнология
➢ Агроөнеркәсір кешені.
➢ Транзиттік және логистикалық сектор.
➢ «Ақылды» қалаларды дамыту.
➢ Төтенше жағдайларды болжау және алдын алу.
➢ Табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану.

