KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындылары шығарылды. Бұл байқау студенттік ғылымды дамыту және білім алушылардың зерттеушілік белсенділігін қолдау аясындағы маңызды оқиға болды. ҒЗЖС байқауы дәстүрлі түрде перспективалы ғылыми идеяларды айқындауға, студенттердің зерттеушілік әлеуетін ашуға және ғылыми жетекшілердің жетекшілігімен орындалған жұмыстардың нәтижелерін ұсынуға арналған маңызды алаң болып табылады. Қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін, таңдалған тақырыптардың өзектілігін және ғылыми ізденіске деген ұмтылысын көрсетті. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ерекше қуанышпен құттықтаймыз: 1 орын — Verve AI (Renad Mehboob, research supervisor: Dr. Muhammed Zeeshan Haroon). 2 орын — «Взаимосвязь уровня перфекционизма и выраженности вегетативных нарушений у студентов-первокурсников» (Цой Давид Леонидович, ғылыми жетекшісі: Туркменбаев Арыстанбек Ремезанович). 2 орын — «SARS-COV-2 коронавирус инфекциясының жүктіліктің ағымына және перинаталдық нәтижелерге әсері» (Слубек Алтынай Дарханқызы, ғылыми жетекші: Нұрғалиева Лида Иманкуловна). 3 орын — «Коммуникативные барьеры в медицинских организациях и способы их преодоления» (Қалдарбек Әділет Нұрланұлы, ғылыми жетекшісі: Қалдарбеков Самат Нұрланұлы). 3 орын — «Барьеры внедрения лапароскопической аппендэктомии: роль оснащённости, подготовки и организационных факторов» (Әділбекова А.Р., Сырбек Қ.Н., Асылхан А.А., Жақсылықова Н.Н., Чабден С.С., ғылыми жетекші: Жораев Тагабай Сапарханович). Байқаудың барлық қатысушыларына бастамашылдығы, ғылыми жұмысқа байыпты көзқарасы және университеттің академиялық әрі зерттеушілік ортасын дамытуға үлес қосуға ұмтылысы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ қолдауы, кәсіби тәлімгерлігі және белсенді қатысуы арқылы жас зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етіп жүрген ғылыми жетекшілерге ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт және үлкен кәсіби әрі академиялық белестерге сенімді қадам тілейміз.